№ 733 от 31.08.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары бекітілсін.
- Тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Мусин