Лицензияны қайта ресімдеу туралы

№ 752 от 05.09.2022 

Қазақстан  Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  Заңының   33-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Тегін өзгертуіне байланысты, Жанар Калкабаевна Макишеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 17 сәуірдегі берілген № 14005269 мемлекеттік лицензиясы Жанар Калкабаевна Медетбековаға қайта ресімделсін.

  1. 2014 жылдың 17 сәуірдегі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14005269 мемлекеттік лицензиясы жарамсыз деп танылсын.
  2. 3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) Лицензияны қайта ресімдеу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша іс-шаралар қабылдасын.

  1. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Вице-министр                                                                                   А. Мадалиев

Дата публикации
05 сентября 2022