«Лицензиядан айыру туралы» Әділет вице-министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №1036 бұйрығының күшін жою туралы

№ 740 от 01.09.2022

«Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрлеріне мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне қол қою өкілеттігін беру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2019 жылғы 2 қазандағы № 488 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Айкын Калышевич Жабагинге жеке сот орындаушысы қызметімен айналасуға берілген мемлекеттік лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасы вице-министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №1036 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті және Қазақстан Республикасының Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдау.
  3. Мәжбүрлеп орындау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған лицензиясының қолданысын жаңарту туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау департаментіне жүктелсін (Д. Игембаев).
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Қазақстан Республикасы Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 шілдедегі №6001-22-00-гп/271.

 

 

Вице-министр                                                             А. Мадалиев

 

Дата публикации
02 сентября 2022