№ 720 от 27.08.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2007 жылдың
25 желтоқсанда Мағауия Құсайынұлы Елемесовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001643 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 27 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
М.Қ. Елемесовтың, адвокаттар алқасың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 22.08.2022 жылғы ұсынысы, М.Қ. Елемесовтың 2022 жылдың 17 тамыздағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев