№ 719 от 27.08.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
9 тамызда Салтанат Игликовна Гурныға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003982 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 4 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
С.И. Гурнының, адвокаттар алқасың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 3 тамыздағы өтінішхаты, С.И. Гурнының 2022 жылдың 4 шілдедегі өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев