№ 712 от 26.08.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың
10 шілдеде Вероника Петровна Тиссенге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002130 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 14 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
В.П. Тиссеннің, адвокаттар алқасың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 5 тамыздағы өтінішхаты, В.П. Тиссеннің 2022 жылдың 5 тамыздағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев