№ 705 от 25.08.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
30 желтоқсанда Жадра Жумашевна Алпысбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14020871 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 20 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
Ж.Ж. Алпысбаеваның, адвокаттар алқасың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 15.08.2022 жылғы ұсынысы, Ж.Ж. Алпысбаеваның 2022 жылдың 8 тамыздағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев