№ 701 от 24.08.2022
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Келесі адамға:
Жансая Есимхановна Бабакуловаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
Гульжазира Рахимжановна Акбароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
1) адвокаттар және жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына берілген лицензиялар туралы ақпаратты орналастырсын.
Негізі: «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына сәйкес құжаттар.
Қазақстан Республикасы
Әділет вице-министрі А. Мадалиев