«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен әзірленген «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы келіп түсті.

         Жобамен Қазақстан Республикасының азаматтарын күзгі шақыру кезінде мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің санын  қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі 34 668 адамнан 35032  адамға  ұлғайту көзделген (қосымша 364 адам шақыру жоспарланған, оның ішінде Қарулы Күштерге – 340 адам, Мемлекеттік күзет қызметінің сұранысы бойынша – 24 адам).

         Жоба Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында 2022 жылғы 14 шілдеде, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылғы 14 шілдеде орналастырылды.

Дата публикации
23 августа 2022