«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

16-тармақтың 99), 100), 100-2) және 100-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«99) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;»;

«100) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;

«100-2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, тузетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;

«100-3) электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

Дата публикации
22 августа 2022