№ 04-7-/13492
2022 жылғы 16 тамыз
Б. Төреғожинаның №2688/2015 шағымына бойынша адам құқықтары жөніндегі комитеттің пайымдауына қатысты
2022 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың сауалдары мен пайымдауларын қарау туралы бірлескен бұйрыққа сәйкес Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер және Әділет министрліктері өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы отырысында Б.Төреғожинаның № 2688/2015 шағымы бойынша адам құқықтары жөніндегі комитеттің пайымдауы талқыланды.
Хабарлама авторы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі – Пакті) 14-бабының (әділ сот талқылауына Құқық) 1, 2 және 3 (e) тармақтарында және 19-бабында (сөз және пікір бостандығы) көзделген өзінің құқықтарының бұзылғаны туралы бекітеді. Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Б. Төреғожинаның хабарламасына қатысты комитеттің пайымдауларын қарап, төменде хабарламаның мәні бойынша және ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат жіберіледі: a) авторға құқықтық қорғаудың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету және авторға тиісті өтемақы беру; b) болашақта осындай бұзушылықтарға жол бермеу үшін шаралар қабылдау; c) ресми тілдерде пайымдаудың кеңінен таралуын қамтамасыз ету.
Ведомствоаралық жұмыс тобы пактінің 19-бабының 3-тармағына сәйкес, Комитеттің авторды 15 тәулікке әкімшілік ұстаудың қажеттілігіне және мөлшерлестігін негіздей алмағандығы туралы қатысушы мемлекет жасаған дәлелдері бойынша келесіні хабарлайды.
Пактінің 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қатысушы мемлекет Төреғожинаның өз пікірін білдіруіне тыйым салған жоқ, себебі 2012 жылғы 20 қарашада Алматы қаласы әкімінің орынбасары Төреғожинаның 2012 жылғы 16 желтоқсанда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін монументтерге гүл шоқтарын қоюға рұқсат беру туралы өтінішіне жауап берген болатын. Сонымен қатар, Төреғожина өткізілетін рәсімнің мақсатын, қатысушылар санын және тақырыбын нақты ұстануы керек еді, себебі ол бұдан өзге рұқсат етілмеген іс-шараларды ұйымдастыруы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Сонымен қатар, Б.Төреғожинаның интернет-сайттарында 2012 жылғы 16 желтоқсанда сағат 12.00-ге қарай санкцияланбаған митинг өткізуге шақырылған материалдар орналастырылды. «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде Төреғожинаның атынан келесі үндеулер орналастырылды: «Барлығы 16 желтоқсанда Алматы қаласында, республика алаңында сағат 12.00-де митингке! Біз Желтоқсан батырларын, Жаңаөзенде қаза тапқандарды есімізде сақтаймыз…», «Адамдарды митингке қалай жұмылдыру керек? Сөйлескеннен және популизмнен басқа шынымен кім көмектесе алады?». Бұл оның 1986 және 2011 жылғы 16 желтоқсанда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейінгі кезеңде Тәуелсіздік монументінің жанында және 2012 жылғы 16 желтоқсанда Алматы қаласында Тәуелсіздік таңы қарсаңында 5 шақты адамның қатысуымен іс-шара өткізе отырып, 1986 және 2011 жылдары болған оқиғалар кезінде қаза тапқандар бойынша гүл шоқтарын қоюға және Құран оқуға (дұға оқуға) рұқсат беру туралы Алматы қ. әкіміне жазған өтінішінен басқа ниетін куәландырады.
Айта кетсе, Б.Төреғожина ханым өз пікірін білдіргені үшін емес, санкцияланбаған митинг ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылған болатын.
Пактінің 21-бабында: «Бейбіт жиындар үшін құқық танылады. Бұл құқықты пайдалану заңға сәйкес қолданылатын және демократиялық қоғамда мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде қажет болатын шектеулерден басқа ешқандай шектеулерге жатпайды».
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы қоғамдық орындарда қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдірудің нысаны мен тәртібін, сондай-ақ кейбір шектеулерін белгілейді. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның 2 – бабына сәйкес (құқық бұзушылық жасалған кезде қолданылған, бұдан әрі- Заң) жергілікті атқарушы органға өтініш беріледі. Заңның 9-бабына сәйкес көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап тартады.
Б.Төреғожина көпшілік алдында сөз сөйлеп, интернет арқылы және үнпарақтар тарату арқылы митинг ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттер жасаған болатын, бұл өзарада Заңда белгіленген талаптарды бұзады. Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2012 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен Б.Төреғожина әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің[1] (бұдан әрі – ӘҚБтК) 373-бабының 3-бөлігі бойынша 15 тәулік мерзімге қамау түрінде жаза қолдана отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ӘҚБтК-нің 44-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылық жасаған адамды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Б.Төреғожина тек 2012 жылы жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықты жасалғанға дейін бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 рет жауапқа тартылғанын атап өткен жөн. Алғашқы 3 бұзушылық үшін (19 қаңтар, 25 ақпан және 24 наурыз) оған айыппұл салынды, ал 4 сәуір (28 сәуір) үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Осыған байланысты, 2012 жылғы 15 желтоқсанда сот Б. Төреғожинаға әкімшілік қамауға алу жайлы шешім қабылдады.
А. Авторды құқықтық қорғаудың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету және авторға тиісті өтемақы беру
Б.Төреғожина Қазақстан Республикасының Ішкі заңнамасында өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша берілген құқықтық мүмкіндіктерін пайдаланған жоқ.
2017 жылғы 25 шілдеден бастап, соның ішінде ӘҚБтК-не өзгерістер енгізуді көздейтін Заң[2] күшіне енді. ӘҚБтК-нің 851-бабының қолданыстағы редакциясына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін (наразылықтан басқа) Жоғарғы Сот Төрағасының және Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының ұсынысы бойынша қайта қарастыруға болады. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкін болатын ерекше негіздер (қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін) санамаланған; қаулы белгісіз тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзады; қаулы құқық нормаларын түсіндіруде бірізділікті бұзады). Яғни, мұндай негіздер ұсыныс енгізу туралы өтінішхаттарда жазылуы тиіс (ӘҚБтК-нің 848-бабы). Жоғарғы сотқа өтініш беру құқығы жауапқа тартылған адамның, оның қорғаушысының және т.б. адамдардың бойында болады (ӘҚБтК-нің 851-бабының 4-бөлігі).
Осылайша, Сот актісімен келіспеген жағдайда, тартылған адам Жоғары сот сатысына өз бетінше өтініш жасауға құқылы.
Қазақстанда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі тек тұрақты судьялар тұлғасындағы соттарға ғана тиесілі. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Б.Төреғожинаның тиісті өтемақы беру мәселесі сот тәртібімен шешілуі тиіс.
Конституция сөз бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін білдіруге, заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға кепілдік береді. Цензураға тыйым салынады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Сондықтан бұл құқықтар мен бостандықтар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана, сонымен қатар тек заңмен шектелуі мүмкін. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Сондай-ақ, елдің Конституциясы азаматтардың бейбіт жиындар еркіндігі құқығын мойындап, оған кепілдік береді. Біздің азаматтар бұл құқықты белсенді түрде пайдаланады.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 21-бабы бұл құқықты біразынша шектеулейді. Олар мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде іске асырылады. Осыны негізге ала отырып, Қазақстанда осы құқықты іске асыру тәртібі жеке заңмен («Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы») регламенттелген. Онда ешқандай шектеулер жоқ, тек бейбіт жария акцияларды өткізу шарттары мен оларды ұйымдастырушылардың құқықтары бекітілген. Бұл құқық оларды жүргізуге заңсыз кедергі келтіргені, осы құқықты пайдалануға шектегені үшін әкімшілік және қылмыстық жазаларымен нығайтылады.
Бұл жағдайда Пактінің 21-бабының және Сиракуз қағидаттарының 9-тармағының ережелері және Пактінің кез келген шектеулері (жазалау шарасы), ең аз және соған мөлшерлес болуы тиіс екендігі туралы шектеулерді түсіндірудің және Пактінің ережелерінен ауытқулардың Сиракуз қағидаттарының 9-тармағының ережелері назарға алынды.
2020 жылдың 6 маусымынан бастап ел аумағында митингілер туралы жаңа заң қолданыла бастады. Жаңа заңды әзірлеуге азаматтық белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың барлық ұсыныстары, соның ішінде жария акцияларды өткізудің хабарламалық тәртібі туралы, митингілер туралы заңды жетілдіру кезінде ескерілген болатын. Әкімдіктер акцияны өткізуден бас тарта алатын негіздемелердің толық тізбесі көрсетілген. Ұйымдастырушылардың, қатысушылардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың заң талаптарын бұзғаны үшін оларды ұйымдастыру кезінде де, өткізу барысында да жауапкершілігінің аражігі ажыратылады. Осының барлығы әркімге жиналыс еркіндігі құқығын белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте жауапкершілік туралы мәселені ерекше жағдайларда және тек сот қана қояды. Аталған іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасынан адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі шаралар қоғамдық тәртіпті бұзудың және/немесе мемлекеттік негіздердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру қаупінің айқын белгілері болған жағдайларда ғана қабылданады. Рұқсат етілу шегінен шықпайтын наразылықтардың заңсыз акцияларын өткізудің қалған жағдайларында құқықтық ықпал ету шаралары қабылданбайды.
Осылайша, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы жалпы қабылданған әлемдік практикаға сәйкес келіп, тым қатал болмайды. Осындай қоғамдық іс-шараларды өткізу құқығы оларды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтаған жағдайда қамтамасыз етіледі. Бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін заңнаманы қолдану практикасы мен халықаралық тәжірибені ескере отыра арқылы жүзеге асырылатын болады.
Б.Төреғожинаның баяндамасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі комитеттің қорытындысы Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әділет министрлігінің ведомстволық сайттарында ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған.
Ведомствоаралық жұмыс тобы
шарттық органдардың сұрау салулары мен пікірлерін қарау бойынша
Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары бойынша
[1] Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі. Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235 Кодексімен, http://adilet.zan.kz/rus/docs/K010000155_
[2] «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI заң, http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1700000091#z726