ВЖТ жауабы

 № 04-7-/13492

2022 жылғы 16 тамыз

 Дильнара Инсенованың Адам құқықтары жөніндегі

комитетке жолдаған № 2677/2015 хабарламасына қатысты

 2022 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы құзыретін таныған Адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың сұрау салулары мен пайымдауларын қарау туралы бірлескен бұйрыққа сәйкес Жоғарғы Сот,
Бас прокуратура, Сыртқы істер және Әділет министрліктері өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы отырысында Дильнара Инсенованың №2677/2015 хабарламасы талқыланды.

Хабарлама авторы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 1-тармағында (әділ сот талқылауына құқық), 19-бабының 2-тармағында (сөз және пікір бостандығы) және
21-бабында (бейбіт жиналыстарға құқық) көзделген оның құқықтарының бұзылғаны туралы бекітеді (бұдан әрі-Пакт). Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Д.Инсенованың дәлелдерін қарап, төменде Қазақстанның пактіні болжамды бұзушылықтары туралы мәлімдемелерге ақпарат жіберіледі.

А. Бейбіт жиналыстарға құқығы (Пактінің 21-бабы)

Пактінің 21-бабының талаптарына сәйкес бейбіт жиындарға құқық танылады. Бұл құқықты пайдалану заңға сәйкес қолданылатын және демократиялық қоғамда мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде қажет болатын шектеулерден басқа ешқандай шектеулерге жатпайды.

 Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы қоғамдық орындарда қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдірудің нысаны мен тәртібін, сондай-ақ кейбір шектеулерді белгілейді. "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" ҚР Заңының (құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыстағы Заң) 2, 4 – баптарына сәйкес көпшілік
іс-шаралар өткізу туралы өтініш қаланың жергілікті атқарушы органына беріледі, ол өз кезегінде рұқсат береді. Жергілікті атқарушы орган берілген өтінішті басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қарауға тиіс. Д.Инсенова 2014 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласында рұқсат етілмеген пикетке қатысқан кезде аталған заң талаптарын бұзған.

Заңның 9-бабына сәйкес көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Жоғарыда көрсетілген пикетті өткізуге уәкілетті органның рұқсатының жоқтығын ескере отырып , заңсыз жария іс – шараларды ұйымдастыру және оған қатысу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 373-бабына сәйкес қаралады, сондай-ақ заңды бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін жауапкершілік көзделеді.

В. Пікір білдіру құқығы (Пактінің 19-бабы)

Пактінің 19-бабының 2-тармағында Әрбір адамның өз пікірін еркін білдіру құқығы регламенттеледі. 19-баптың 3-тармағы заңмен белгіленуі және басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, жұрттың денсаулығын немесе имандылығын қорғау үшін қажетті болып табылатын пікірді тарату құқығына шектеулер қояды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2014 жылғы 15 ақпандағы, 8 наурыздағы және 15 шілдедегі қаулыларымен автор санкцияланбаған жария іс-шараларға қатысқаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Пактінің 19-бабында көзделген құқықтарын бұзу туралы автордың дәлелдерін ескере отырып, Д.Инсенова өз пікірін білдіргені үшін емес, заңсыз қоғамдық іс-шараларға бірнеше рет қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.

2014 жылғы 15 шілдеде хабарламаның авторы азаматтардың заңсыз пикетке және жария іс-шараға қатысу кезінде  басқа қатысушылармен бірге «Аштық», «Ипотекалық несиелер бойынша борыштарды есептен шығару» плакаттарын ұстап тұрды. Бұл ретте аталған адамдар банк басшылығының болуын талап етті, банк ғимаратының кіреберісіне шатыр орнатып, басына «аштық жариялау» деген сөздер жазылған қағаз таңғыштар қойып, сол арқылы көпшілік алдында наразылық білдірді . Санкцияланбаған митингілер мен пикеттерге бірнеше рет қатысу түрінде жасалған әрекеттері үшін Д.Инсенова Алматы қаласы Алмалы ауданының АІІБ-не жеткізілді және  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ӘҚБтК-нің 40-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамдарды заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады, бұл Пактінің 19-бабының 3-тармағында белгіленген қажеттілік пен мөлшерлестік талаптарына сәйкес келеді.

С. Әділ сот талқылауына құқығы (Пактінің 14-бабы)

Автордың әділ сот ісін жүргізу құқығын бұзу туралы негіздемелері Пактінің 14-бабының талаптарына сәйкес қабылданбайды. Осы нормаға сәйкес әділ сот талқылауына құқық танылады, яғни бұл құқық авторға заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және бейтарап соттың істі әділ және жария талқылауын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі тек тұрақты судьялар тұлғасындағы соттарға ғана тиесілі. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Соттың тәуелсіздігі қағидаты ұлттық заңнамада, атап айтқанда ҚР Конституциясында және іс жүргізу кодекстерінде көрініс тапқан . Бұдан басқа, судья әдебі кодексінің бірқатар баптары істерді қарау кезінде және тараптармен және өзге де тұлғалармен өзара қарым-қатынас кезінде соттың бейтараптығына бағытталған.

Іс материалдарына сәйкес мемлекет Д.Инсеноваға заңдар мен нормативтік актілерде көзделген барлық құқықтарды берді. Соттар
ӘҚБтК-нің 373-бабының 3-бөлігіне сәйкес бір жыл ішінде қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.Исенованы кінәлі деп тани отырып, заң негізінде дұрыс шешім қабылдады.

Сонымен қатар, хабарламада айтылған сот актілеріне жоғары тұрған сот инстанцияларында іс қаралған жоқ. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы Нормативтік Қаулысына сәйкес автор кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарға шағымдануды жіберуге құқылы.

Қатысушы мемлекет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіндегі өзгерістерге сілтеме жасай отырып, заңды күшіне енген сот актілерін Жоғарғы Сотта жауаптылыққа тартылған адамның өтінішхаты бойынша қайта қарау мүмкін екенін атап өтеді
(ӘҚБтК-нің 851-бабының 4-бөлігі). Жоғарғы Сот Төрағасының және Жоғарғы Сот сот алқасы төрағасының ұсынымдары бойынша істер
(Бас прокуратураның наразылығынан басқа) қайта қаралуы мүмкін
(ӘҚБтК-нің 851-бабының 1-бөлігі). Осыған байланысты автор жоғары сот сатысына өтініш жасауға құқылы.

Барлық келтірілген дәлелдерді ескере отырып, Д.Инсенованың пактіге Факультативтік хаттаманың 2, 3, 5-баптарына сәйкес және БҰҰ АҚК қолданылатын практикамен ұштастыра отырып, хабары қабылданбауға жатады, өйткені ол қолайсыз және негізсіз болып табылады.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің рәсімдік қағидаларының 100 (1) қағидасына сәйкес комитет аталған хабарламаны ұсынылған ақпарат негізінде қолайсыз және негізсіз деп қарауды ұсынамыз, өйткені Д.Инсенова осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген құқықтық қорғаудың ішкі құралдары қолданылып болмады.

 

Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдардың сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы

Дата публикации
19 августа 2022