Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 689 от 17.08.2022 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылғы
    24 ақпанда Бауыржан Отеушиевич Ахуновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002932 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы облысының Әділет Департаменті:

         1) Б.О. Ахуновтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Б.О. Ахуновтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 06-32/923-И ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

Дата публикации
17 августа 2022