Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 684 от 16.08.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың
    29 мамырда Амангельды Кабдоллович Балтабаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18010727 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 1 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
    А.К. Балтабаевтың, адвокаттар алқасың, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін..
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 1 тамызындағы ұсынысы, А.К. Балтабаевтың 2022 жылдың 26 шілдедегі өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
17 августа 2022