№ 685 от 16.08.2022
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың
17 наурызда Владимир Федорович Волковқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001372 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2022 жылдың 31 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты
В.Ф. Волковтың, адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 20 шілдедегі өтінішхаты, В.Ф. Волковтың 2022 жылдың 18 шілдедегі өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев