Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 683 от 16.08.2022

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың
    28 желтоқсанда Ильяс Ержумович Джаиловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004482 мемлекеттік лицензиясының қолданысы берешекті толық өтегенге дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты
    И.Е. Джаиловтың, Алматы қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 19.07.2022 жылғы ұсынысы және Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 15.10.2020 жылғы ұйғарымы.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

 

Дата публикации
17 августа 2022