15.08.2022 ж. .№ 676 бұйрық
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы
12 қаңтарда адвокаттық қызметпен айналысу құқығына А.А.Беденбаевқа берілген № 18000447 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- Қызылорда облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.А. Беденбаевқа, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 19.07.2022 ж. ұсынысы, Қызылорда қаласының №2 сотының 2022 ж. 10 маусымдағы үкімі.
Вице-министр А. Мадалиев