Лицензияның қолданысын тоқтатату туралы

№662 от 11.08.2022

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағының, Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасына сәйкес 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы
    16 қаңтарында Иван Викторович Лебедевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18000692 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаменті:

         1) И.В. Лебедевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) И.В. Лебедевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: И.В. Лебедевтің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ЖТ-2022-02133302 арызы.

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

Дата публикации
12 августа 2022