Туынды және құрама туындылар

Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан кез келген аударма шығармашылық өнім болып табылады және авторлық құқықпен қорғалады. Осылайша, аударма, машиналықты қоспағанда, авторлық құқық объектісіне жатады.

Аударма түпнұсқаны қайта өңдеуді білдіретініне қарамастан, дербес туынды болып табылады және оның авторына пайдаланылған туындыларды аударуға, қайта жасауға, музыкалық әуендеуге немесе басқа да қайта өңдеуге ұшыраған туындылар авторларының құқықтары сақталған жағдайда барлық авторлық құқықтар (мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар) беріледі.

Бұдан басқа, жинақты құрастырушыға немесе өзге де құрама туындының (антология, энциклопедия, деректер базасы және т.б.) авторына құрама туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда материалдарды іріктеуді немесе орналастыруды жүзеге асырғаны үшін авторлық құқықтар беріледі.

Туынды немесе құрама туындыны жасау үшін түпнұсқа туындының авторының келісімі қажет екенін ескеру қажет.

Дата публикации
11 августа 2022