Лицензияның күшін тоқтату туралы

№651 от 08.08.2022

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылғы 04 тамызда Жайнагүл Айтжанқызы Төрекүлге берілген № 16012463 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне:

1) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.А. Төрекүлнің мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын;

2) жекеше нотариус Ж.А. Төрекүлнің мөрін жоюды.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 26 шілдедегі №1-05/6028-И ұсынысы, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 12.01.2022ж. №7199-21-00-1а/533 қаулысы.

 

Вице-министр                                                                                      А. Муканова

Дата публикации
11 августа 2022