Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 650 от 08.08.2022

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 2-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Азилхан Адилханович Мукашевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 18 қыркүйекте берілген № 14013787 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Мукашевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Мукашевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысының Әділет департаментінің 2022 жылғы 27 шілдедегі №4-4-24/1650-И ұсынысы, Шу аудандық сотының 2022 жылдың 11 шілдесіндегі қаулысы.

 

Вице-министр                                                                           А. Муканова

Дата публикации
11 августа 2022