Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың
    22 қазанда Абилкаир Муратович Карекешке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20015621 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Қарағанды облысының Әділет департаменті:

         1) А.М. Карекештің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) А.М. Карекештің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 22.07.2022 жылғы ұсынсы № 6-3-2/402-И.

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

Дата публикации
11 августа 2022