Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

А.ж. 8 тамызда Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаментінің директоры А.А. Ехласованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) отырысы өтті.

ВЖТ отырысы барысында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Б. Төреғожинаның № 2688/2015, А. Филатованың № 2581/2015,
Д. Кошкарбаевтің № 2548/2015 және Д. Инсенованың № 2677/2015 хабарламаларына қатысты пайымдаулары мен сұрау салулары қаралды.

Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Қарау нәтижелері туралы а.ж. 19 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің веб-сайтында хабарланатын болады.

 

 

Дата публикации
08 августа 2022