Пресс-релиз

2022 жылғы 1 тамызда Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаментінің Директоры А.Ехласова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі Синем Карамен кездесті.

А. Ехласова Синем Караны БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің Кеңсесіне және Қазақстандағы БҰҰ елдік командасына тағайындалуымен құттықтап, ағымдағы жылғы 16 наурыздағы Президенттің Жолдауын іске асыру шеңберінде Адам құқықтары саласындағы Министрліктің қызметі туралы хабардар етті.

Департамент Директоры Министрліктің Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде баяндамаларды дайындау және адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын енгізу жөніндегі жұмысын жеке атап өтті.

Синем Кара ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз ынтымақтастыққа сендірді.

Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті

Дата публикации
02 августа 2022