Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

         А.ж. 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаменті директорының төрағалығымен Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) екінші отырысы өтті.

         ВЖТ отырысы барысында П. Жукованың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне № 3614/2019 сұрау салуы талқыланды.

         Отырысқа Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Дата публикации
29 июля 2022