Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Нина Тимуровна Жульмановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2000 жылдың 24 наурызында берілген №0000742 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 25 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Т. Жульманованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Н.Т. Жульманованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2022 жылғы 04 шілдедегі № 5-4724  ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                          А. Муканова

Дата публикации
25 июля 2022