Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 6 айдағы қызметі туралы ақпарат

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Қоғамдық кеңес (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) жұмыс істейді, оның құрамына түрлі салалардың өкілдері кірді.

Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жыл басынан бері Министрлік Қоғамдық кеңестің 6 отырысын өткізіп, онда келесі мәселелер қаралды:

1) Ұлттық зияткерлік меншік институтының 2021 жылғы жұмыс қорытындыларын талқылау (2022 жылғы 28 қаңтар, онлайн - zoom). Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге зияткерлік меншік саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, оның ішінде мүгедектердің, мүгедек баланы, жетім балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің қызметіне мемлекеттік баждың нөлдік мөлшерлемесін қолдану тұрғысынан талдау жүргізу және талдау нәтижелерін осы жылдың соңына қарай Қоғамдық кеңестің қарауына ұсыну ұсынылды;

2) Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Құқықтық ақпараттық қызметінің 2021 жылғы жұмыс қорытындыларын талқылау (2022 жылғы 23 ақпан, онлайн - zoom). Қорытындысы бойынша қажетті мемлекеттік және өзге құрылымдарға белгіленген тәртіппен 119 нөміріне ұялы телефондардан азаматтарға тегін қоңырау шалуды қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы мәселені шешу; тиісті техниканы жаңғырту және оның алдында тұрған міндеттерді орындау мақсатында қосымша қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселені қарау; Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ел халқына ақпараттық қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Құқықтық ақпараттық қызмет қызметкерлерін жүйелі негізде оқыту және олардың біліктілігін арттыруды ұсыну туралы шешім қабылданды;

2.1) Қоғамдық кеңес қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды (2022 жылғы 23 ақпан, онлайн-zoom). Қорытындысы бойынша төраға (С.Ғ.Темирболатов) және Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері
(Р.К. Сарпеков, С.Ғ. Темирболатов, А.К. Бекмағанбетова) сайланды, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілді.

3) Сот сараптамасы орталығының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды (2022 жылғы 30 наурыз, онлайн - zoom). Қорытындысы бойынша сот сараптамасын жүргізу мен тағайындауға байланысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін Сот сараптамасы орталығымен, Республикалық адвокаттар алқасымен және Сот сарапшыларының республикалық палатасымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастыру ұсынылды; сот сарапшыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар санының ұлғаюына ықпал еткен себептерді анықтау және оларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін сот сарапшыларының қорытындыларына пікір жазу институтын енгізу мүмкіндігін Сот сарапшыларының республикалық палатасымен бірлесіп қарау; ҚР БП, ҚР ІІМ және ҚР ӘдМ «Сот сараптамаларының жекелеген түрлерін аутсорсинг жолымен бәсекелес ортаға кезең-кезеңмен көшіру туралы» (2020 жылғы сәуір) бірлескен бұйрығының негізінде іске асырылатын пилоттық жобаны тоқтата тұру туралы хаттамалық шешімнің негізділігі және ол бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері туралы мәселелерді қарау; Орталықтың сот сарапшыларының бос лауазымдарын белгіленген талаптарға жауап беретін жоғары білікті мамандармен жасақтау жөнінде шаралар қабылдау;

3.1) зияткерлік меншік құқықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды (2022 жылғы 30 наурыз, онлайн - zoom). Қорытындысы бойынша «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңын шартты электрондық форматта ресімдеу арқылы автордың мүліктік құқықтарын беру құқығын бекіту бөлігінде толықтыру мүмкіндігін қарау; шағын және орта бизнес субъектілері аккредиттелген компаниямен шарт жасасқан жағдайда сот істері бойынша жауапкерлер ретінде оларды тартпаудың заңнамалық мүмкіндігі туралы мәселені қарау ұсынылды;

4) сот актілерін орындау бойынша жұмыс қорытындылары талқыланды (2022 жылғы 4 мамыр,онлайн – zoom). Нәтижелері бойынша банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың құзыретін адвокаттардың өкілеттіктеріне беруге байланысты мәселелерді пысықтау мүмкіндігін қарау; Әділет министрлігінің құзыретіне компанияларды оңалтумен және банкроттықпен байланысты барлық мәселелерді әкімшілендіру жөніндегі құқықтарды беру мүмкіндігі туралы мәселелерді қарау ұсынылды;

5) Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының азаматтардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 2021 жылғы өтініштерін қарау нәтижелері туралы талдау  талқыланды(2022 жылғы 4 мамыр, онлайн-zoom). Нәтижелері бойынша азаматтардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өтініштерін қарау бойынша талдауды Министрліктің ТҚжЗҚҰД-ге   уақтылы ұсынылмағаны атап өтілді; салыстырмалы деректерді және осы саладағы нақты проблемаларды және оларды шешу жолдарын көрсетпей, осы мәселені зерделеуге формалды тәсіл қолдану, мұны департамент өкілі баяндаған тек жалпы статистикалық деректер ғана растайды; адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау, осындай көмек көрсету сапасын талдау бойынша толыққанды дайындалған материалдарды Қоғамдық кеңестің қарауына ұсыну ұсынылды.

6) Заң консультанттарының қызметін реттеу бойынша «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 23-бабында көзделген құзыреттерді іске асыру туралы мәселе қаралды: мониторинг қорытындылары, көрсетілетін қызметтердің сапасын салыстырмалы талдау, проблемалық мәселелерге шолу, заң консультанттарының жұмысын жақсарту бойынша, оның ішінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар (2022 жылғы 30 маусым, онлайн- zoom). Ұсынымдар пысықтау сатысында тұр.

 

Бұдан басқа, 10 жоба қаралды, атап айтқанда: ҚР Үкіметі қаулысының жобалары - 3, ҚР Әділет министрі бұйрықтарының жобалары - 7 (оның ішінде бірлескен бұйрықтар), олар келісілді не ескертулер берілді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Қоғамдық кеңестің қызметін жақсарту бойынша семинарлар мен тренингтерге белсенді қатысады.

Министрліктің Қоғамдық кеңеспен өзара тиімді іс-қимылы бойынша жұмыс қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жалғастырылатын болады.

Дата публикации
21 июля 2022