Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 6 қазанында Исламгали Закарьевич Бижановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №14014906 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің осы бұйрықты жекеше нотариус И.З. Бижановтың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 ж. 19.07. № 31792 хаты және И.З.  Бижановтың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Муканова

 

Дата публикации
20 июля 2022