Лицензияның қолданысын
қайта жалғастыру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың 2 сәуірде Арман Ниетжанович Оралбаевтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21013903 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрық туралы
А.Н.Оралбаевты, Ақмола облысының адвокаттар алқасын, құқық қорғау органдарының орталық аппараттарын және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органын хабардар ету бойынша шаралар қабылдасын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) адвокаттық қызметпен айналысу берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 12 шілдедегі №06-19/1466-И ұсынысы және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 11 шілдедегі №353-09 өтініш хаты, 2022 жылдың 8 шілдедегі адвокат А.Н. Оралбаевтың өтініші.
Вице-министр А. Муканова