«Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін

қызметтің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке практикамен айналысатын нотариустан немесе мемлекеттік нотариустан тағылымдамадан сәтті өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық әділет органдары жанында құрылатын Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша жолдайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді беруші) көрсетеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қайтарады.»;

9-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

1-1) мемлекеттік қзмет үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу қағидаларына 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

41

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:

Аумақтық әділет органдары  (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, лицензия беруден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия не көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

1-1) мемлекеттік қзмет үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына 3-қосымша «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
13 июля 2022