«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер

көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді беруші) көрсетеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қайтарады.»;

9-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мемлекеттік қызмет үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы;

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

41

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:

Аумақтық әділет органдары  (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, лицензия беруден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакциядағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«1-1) мемлекеттік қызмет үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
13 июля 2022