Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылғы
    1 наурызда А.М. Хасановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003534 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 2 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    А.М. Хасановтың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: адвокат А.М. Хасановтың өтініші, Атырау облысының адвокаттар алқасының 03.06.2022 ж. өтініш хаты.

 

Вице-министр                                                                                          А. Муканова

Дата публикации
12 июля 2022