Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылы
10 қазанда А.Б.Темиртасоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 19020483 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2023 жылғы 2 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
- Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.Б.Темиртасованың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаменті директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: адвокат А.Б. Темиртасованың өтініші, Атырау облысының адвокаттар алқасының 03.06.2022 ж. өтініш хаты.
Вице-министр А. Муканова