Лицензияның қолданысын тоқтату туралы  

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2001 жылғы
    23 қарашасында Еркинбек Умутканович Садыковке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003205 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті:

         1) Е.У.Садыковтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Е.У.Садыковтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: 10.06.2022 жылғы Е.У.Садыковтың арызы.

 

 

Вице-министр                                                                       А. Мадалиев

Дата публикации
12 июля 2022