Бұйрықтың күшін жою туралы

Бұйрықтың күшін жою туралы

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мария Абрамовна Евтушенконың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылдың 24 ақпанда берілген № 0002371 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылдың 10 наурыздағы №200 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Қарағанды облысы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус М.А. Евтушенконың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

           

Негізі: 2022 жылдың 29 маусымындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.

 

 

Вице-министр                                                                              А. Муканова

Дата публикации
12 июля 2022