Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

                                

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айгуль Садуковна Амангужановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2008 жылғы 29 сәуірдегі берілген № 0001216 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Амангужанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус
А.С. Амангужанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: нотариус А.С. Амангужанованың өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2022 жылғы 07 шілдедегі 2-07/5369-И ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                               А. Муканова

Дата публикации
11 июля 2022