Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы  

Лицензияның қолданысын

қайта бастау туралы

 

         «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2017 жылғы 31 қаңтарда Севда Абдуманаповна Намазоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 17001574 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус С.А. Намазованың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

        

Негізі: Түркістан облысының Әділет департаментінің 2022 ж.04.07. №02-75-6/960-И ұсынысы және С.А.Намазованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                    А. Муканова

 

Дата публикации
07 июля 2022