Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы
    23 ақпанда С.К. Амановқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22003497 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
    С.К.Амановтың , адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 2 маусымдағы №06-19/4025 ұсыныс және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 25 мамырдағы  №21 хаттамасы, 2022 жылдың 24  мамырдағы адвокат С.К.Амановтың өтініші.

.

 

Вице-министр                                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
30 июня 2022