Лицензияның қолданысын тоқтату туралы  

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың
    29 мамырында Абил Казбаевич Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0002036 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Жамбыл облысы Әділет департаменті:

         1) А.К. Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) А.К. Даулетбековке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген  лицензиясы қайтарып алынсын.   

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 02.06.2022 жылғы ұсынсы, 12.04.2022 жылғы № 20-593-22-0000078 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

 

Вице-министр                                                                                А. Мадалиев

Дата публикации
30 июня 2022