Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 60-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылғы
    12 желтоқсанда Баян Абдугалиевна Ахметоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0006095 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Алматы облысы Әділет Департаменті:

         1) Б.А.Ахметованың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы облысы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

          2) Б.А. Ахметованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы  31 мамырдағы №06-32/654-И ұсынысы, Алматы облыстық адвокаттар алқасының  2021 жылғы 7 шілдедегі өтініш..

 

 

Вице-министр                                                                     А. Мадалиев

Дата публикации
30 июня 2022