Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы  

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы 30 маусымда Ж.Жақсылықовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0000781 мемлекеттік лицензиясы тоқтатыла тұрсын.
  2. Маңғыстау облысы Әділет департаменті осы бұйрықты
    Ж.Жақсылықовтың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Негізі: Маңғыстау  облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 17 мамырдағы №05-07/706-И ұсынысы, адвокат Ж.Жақсылықованың өтініші, 13 сәуірдегі 2022 жылғы Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының №446 өтініш хаты.

 

 

Вице-министр                                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
30 июня 2022