Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2020 жылдың
5 мамырында Б.З.Ахметжанға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 20006436 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 1 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Батыс-Қазақстан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
Б.З.Ахметжанның, Батыс-Қазақстан облысы адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс-Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 10 маусымдағы №5-3829 ұсыныс және Б.З.Ахметжанның өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев