Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылдың
22 шілдесінде А.Б.Анапиновқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 16011721 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрсын.
- Павлодар облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.Б.Анапиновтың, Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет Департаментінің№612671-И 2022 жылғы 2 маусымдағы ұсынысы және А.Б.Анапиновтың 2022 жылдың 2 маусымдағы өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев