ҚР Әділет министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1120 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі аудит басқармасының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысының Әділет департаментінде және «ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-ң филиалы Ақмола облысы бойынша Сот сараптамалары институтында 2 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Ішкі мемлекеттік аудитпен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қамтылған қаражаттың көлемі 2 320 405,5 мың теңгені құрады.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 89 771,9 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 89 510,4 мың теңге сомаға рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 50,5 мың теңге өтеуге және 211,0 мың теңге қалпына келтіруге жататын сома анықталды. Ақмола облысының Әділет департаменті бойынша қаржылық бұзушылықтар 137,9 мың теңгеге, Ақмола облысы бойынша сот сараптамалары Институты бойынша 123,6 мың теңгеге анықталып, толық көлемде өтелді және қалпына келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін ішкі аудит объектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөніндегі ұсынымдармен бірге жоюға шешімдер жолданды, олар белгіленген мерзімде/тәртіпте орындалуда, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік органның ішкі процестерін, сондай-ақ Басқарманың қызметін жетілдіруге бағытталған жұмыс одан әрі жалғасатын болады.