Бұйрықтың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мадина Шайкбекқызы Сәрсенбаеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылдың 6 қазанда берілген № 14014949 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылдың 13 шілдедегі №599 бұйрығының күші жойылсын.
- Шымкент қаласы Әділет департаменті осы бұйрықтың мазмұнын нотариус М.Ш. Сәрсенбаеваның назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына осы бұйрықты жариялау шараларын қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне бұйрықтың жойылғандығы туралы жазба енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Негізі: 2022 жылдың 14 маусымындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысы.
Вице-министр А. Муканова