Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                2-1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульнара Басымбековна Алимхановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1998 жылдың 27 қарашасында берілген № 0000328 мемлекеттік лицензияның қолданысы 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Б. Алимханованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Б. Алимханованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.

  1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 02-75-6/878-И  ұсынуы.

 

Вице-министр                                                                          А. Муканова

 

Дата публикации
27 июня 2022