Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

 

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесінің 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Халықаралық төрелік институтының төрешілер мен медиаторлар тізімдеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулық» бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті:

         1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Cыртқы істер министрлігі

Дата публикации
20 июня 2022