Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылдың
    05 желтоқсанында Е.Н. Бековқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14018190 мемлекеттік лицензиясының қолданысын 2022 жылдың 20 маусымынан 2027 жылдың 30 маусымына дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
    Е.Н.Бековтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі. Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 15 маусымдағы № 06-19/4475 ұсынысы, Е.Н.Бековтың 2022 жылдың 2 маусымдағы өтініші.

 

 

 

 

Вице-министр                                                                              А. Мадалиев

 

Дата публикации
20 июня 2022