Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы  

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылдың 08 шілдесінде Кнатова Жибек Ермековнаға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16010981 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 4 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысы Әділет департаменті осы бұйрықты Ж.Е.Кнатованың, адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін және лицензиялауды ұйымдастыру басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тленчиевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 18 мамырдағы №06-19/3322 ұсыныс және Ақмола облыстық адвокаттар алқасының 2022 жылдың 27 сәуірдегі №179 өтініш хаты, 2022 жылдың 27 сәуірдегі  адвокат Ж.Е. Кнатованың өтініші.

 

 

Вице-министр                                                                                           А. Мадалиев

Дата публикации
15 июня 2022