«Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы
28 тамыздағы № 1320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Апелляциялық кеңес туралы ереженің:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді.»;
6-тармағының 2 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы, өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы, ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау саласындағы және тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Министрлікке келіп түсетін қарсылықтарды қабылдауды жүргізу, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын қалыптастыру:
сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге;
сараптама ұйымының өнеркәсіптік меншік объектісіне патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;
сараптама ұйымының селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Апелляциялық кеңес істі талқылағаннан кейін шешімді шығару үшін шығып кетеді.
Апелляциялық кеңес шешімді жария етуді іс материалдарының көлемдігіне және нақты күрделігіне байланысты, бірақ үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Апелляциялық кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы егер оған отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңестiң алқа мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
|
Қ. Мусин |
|
|
|
|